Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылындағы Құлан мектеп-гимназиясында өткен іс-шара да аталмыш жобаның маңызды бір бөлігіне айналды. Іс-шараға Шолпан Рахымбердиева қатысып, жасөспірімдерге мотивациялық бағыттағы тренинг өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар есірткіге тәуелділіктің салдары мен одан сақтану жолдары туралы терең ақпарат алды. Сонымен қатар, дұрыс орта мен отбасылық қолдаудың маңыздылығы да қозғалды.
Іс-шара интерактивті сипатта өтті – оқушылар спикермен ашық диалогқа түсіп, пікір алмасты. Бұл шара жастардың өз болашағына деген көзқарасын қалыптастыруға үлкен сеп болды. Іс-шара соңында Шолпан Рахымбердиева жастарды өз болашағына бейжай қарамауға, өмірде кездесетін қиындықтарға қарсы тұра алатын табанды тұлға болуға шақырды. Сонымен қатар, есірткі сияқты зиянды әдеттерден аулақ болу үшін ішкі тәртіп пен дұрыс ортаның маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылы, Ақтоған орта мектебінде нашақорлықтың алдын алу шарасы өтті.
Іс-шараға “Сенімен-Болашақ” Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің психологы Шолпан Рахымбердиева қатысып, жасөспірімдердің психологиялық саулығы, зиянды әдеттердің психикаға әсері, отбасылық құндылықтар жөнінде кеңінен айтып өтті. Психолог нашақорлықтың психикалық және физиологиялық зияны, оның жеке тұлғаның дамуына, отбасылық қарым-қатынасқа және оқу үлгеріміне кері әсері туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, ол жастардың ішкі күйзеліске түсу себептері, эмоцияны басқару және психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру жолдары жайлы практикалық кеңестер берді.
Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, түрлі сұрақтар қойып, нашақорлыққа қатысты нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Шара соңында жастарды есірткіден алыс болуға, дұрыс таңдау жасап өмірлеріне жауапкершілікпен қарауға үндеу жасалды.
Көкдөнен ауылы, Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектебінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған ақпараттық кездесу өтті. Шара “Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар ұйымдастыру” жобасы аясында өткізілді.
Спикер ретінде «Сенімен – Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің психологы Шолпан Рахымбердиева сөз алып, жасөспірімдермен еркін форматта әңгімелесті. Ол есірткінің адам денсаулығына және психикасына тигізетін кері әсерлерін түсіндіріп, салауатты өмір салтын насихаттады.
Жастарды зиянды әдеттерден аулық болуға, оның адам өміріндегі кері әсерлені жайында ақпарат берілді. Адам денсаулығының маңызы жайында сауаттылықты арттыру жайлы сөз қозғалды. Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін білдіріп, психологқа жеке сұрақтар қойды. Бұл шара оқушылардың сенімді түрде пікір алмасуына мүмкіндік беріп, олардың саналы таңдау жасауына бағыт-бағдар берді. Кездесу, әсіресе жоғары сынып оқушылары үшін пайдалы әрі маңызды өтті.
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылы, Болтай батыр атындағы орта мектебінде отбасы институтын нығайту бойынша кездесу өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алу, есірткінің қауіптілігі туралы ақпарат беру және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Кездесуге мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. “Сенімен-Болашақ” Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің психологы Шолпан Рахымбердиева нашақорлықтың адам психологиясына тигізетін зияны, оның отбасылық және әлеуметтік өмірге кері әсері туралы айтып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Кездесу барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, маманнан тұшымды жауап алды. Іс-шара соңында жастарға зиянды әдеттерден аулақ болуға, дұрыс таңдау жасап, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырған үндеу айтылды.
Мұндай кездесулер оқушылардың өмірлік маңызы бар ақпараттарды алуына, өз денсаулығы мен болашағына саналы көзқараспен қарауына ықпал етеді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бірлесуімен жүзеге асырылып жатқан «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында Құлан ауылындағы Құлан мектеп-гимназиясында кезекті құқықтық-ағартушылық бағыттағы кездесу өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты – жас буынның отбасылық құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және тұлғалық жауапкершілік жөнінде түсінігін кеңейту болды.
Кездесуге арнайы шақырылған спикер – Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, тәжірибелі заңгер Өмірбеков Данияр. Ол оқушыларға отбасы шеңберіндегі заңдық қатынастар, ата-ана мен бала арасындағы өзара құқықтар мен міндеттер туралы кең көлемде түсіндіріп берді.
Кездесуге мектеп ұжымы мен жоғары сынып оқушылары белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасуға мүмкіндік алды. Оқушылар отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті мен заң шеңберінде әрекет етудің маңыздылығы жөнінде тереңірек мағлұмат алып, ой түйді.
Іс-шара еркін форматтағы ашық диалогқа ұласып, қатысушылар үшін пайдалы әрі маңызды тәжірибе алаңына айналды. Жиын соңында мектеп әкімшілігі мен оқушылар атынан ризашылық білдіріліп, мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні зор екені атап өтілді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жүзеге асырып жатқан «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы жобасы аясында кездесу Көкдөнен ауылында өтті. Іс-шара Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектептің мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған мектептің жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа отбасы институтының маңыздылығын түсіндіру, отбасылық қарым-қатынастарға құқықтық көзқарас қалыптастыру және жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыру болды. Шарада Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, тәжірибелі заңгер Өмірбеков Данияр «Отбасылық құқық және оның қоғамдағы рөлі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Ол ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қарым-қатынастар, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілік, бала құқығы және міндеттері секілді маңызды тақырыптарды қамтыды.
Кездесу барысында қатысушылар маманға толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Сонымен қатар, шара аясында интерактивті форматта шағын пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларымен еркін бөлісті. Пікір алмасу арқылы олар отбасы құндылықтарына байланысты өз көзқарастарын білдіріп, ортақ тұжырымдар жасауға мүмкіндік алды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Кезекті шара Көгершін ауылындағы Ақтоған орта мектебінде өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту және құқықтық сауаттылықты арттыру. Кездесуге мектептің жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысып, отбасылық тәрбие төңірегінде маңызды ақпараттармен танысты. Спикер ретінде шақырылған Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр оқушыларға отбасы құрылымының құқықтық негіздері, ата-аналық жауапкершілік және отбасындағы сыйластықтың қоғамдағы орны туралы мазмұнды баяндама жасады.
Заңгер өз сөзінде отбасындағы үйлесімділік пен өзара сенімнің адамның тұлғалық қалыптасуына әсерін ерекше атап өтті. Ол қазіргі таңда жастар арасында кездесетін кейбір әлеуметтік мәселелердің түп-төркіні – отбасындағы өзара түсіністіктің әлсіреуінен болатынын айтып, бұл институттың мызғымас негізде сақталуы қажеттігін жеткізді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, заңгерден нақты әрі өмірлік маңызы бар жауаптар алды. Сонымен қатар, еркін форматтағы пікір алмасу өткізіліп, отбасылық қарым-қатынас мәдениеті жөнінде түрлі ойлар ортаға салынды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында Құмарық ауылындағы Болтай батыр атындағы орта мектепте отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған кездесу өтті. Шараға мектептің оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Кездесуге арнайы шақырылған қонақ – Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр отбасы мен қоғам арасындағы байланыс, ата-ана мен бала қарым-қатынасы, жауапкершілік пен өзара сыйластық тақырыптарында терең әрі мазмұнды баяндама жасады.
Кездесу барысында қатысушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, маман тарапынан нақты әрі пайдалы кеңестер алды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында шағын пікірталас өтіп, онда отбасы институтын нығайтудың маңызы мен қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде ашық ойлар ортаға салынды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы әкімдігінің "Дін проблемаларын зерттеу орталығы" КММ-нің тапсырысы бойынша бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда.
Аталған жұмыстар аясында 2025 жылдың наурыз айында фокус топ отырысы өткізілді. Фокус топ отырысында жоғары оқу орындарында хиджаб кию мәселесі, дін ұстанатын азаматтар мен азаматшаларға қоғамның көзқарасы, қоғамның өзге дін өкілдеріне деген көзқарасы, ғибадатханаларға бару сынды мәселелер аясында ой қозғалды.
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы әкімдігінің "Дін проблемаларын зерттеу орталығы КММ-нің тапсырысымен бірқатар жұмыстар атқаруда. Жобаның наурыз айында 500 респонденттен эксперттік сауалнама алынды. Қоғамдағы діни ахуалға баға бере алатын зиялы қауым, дінтану, әлеуметтану, саясаттану, философия пәнінің оқытушылары мен теолог мамандардан сауалнама алынды.


Страница 12 из 39
08 Апр 2025
129